Жаңалықтар

Қарағандылық кокс: дамудың жаңа қарқыны

Қарағанды құю зауыты қайта жандануда, жаңа инвесторлардың келуімен ол «Qaz Carbon» ЖШС Құю зауыттарының бірлестігі болып қайта құрылды.

Қазіргі уақытта зауытты ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде тархта алғаш рет жартылай кокс өндіретін пеш пайдалануға берілді. Зауыт жыл сайын 36 мың тонна жартылай кокс шығаруға дайын. 2020 жылы екінші пеш іске қосылады және өндірістік қуаты 72 мың тоннаны, ал инвестицияның жалпы сомасы 140 миллион теңгені құрайды.

Өнеркәсіпті бірегей кәсіпорын деп атауға болады. Бұл жерде соңғы буынды энерготиімді және экологиялық таза әзірлемелер енгізілуде. Барлық процесс автоматтандырылған, бұл зауыттың жұмысын экономикалық тұрғыда тиімді етеді. Мәселен, бөлінетін газдар қазандықта жанады және ішкі температура үшін қолданылады. Осылайша, қазандықты түсіру кезінде атмосфераға тек таза бу бөлінеді.

– Бүгінгі таңда біз Мемлекет басшысының еңбек өнімділігін арттыру, жеке инвестицияларды, соның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту арқылы жаңа технологиялар трансферті бойынша тапсырмаларын іске асыру үшін тәжірибелік шараларды іске асырудамыз. Өндірісте біз отандық шикізатты 100% пайдаланамыз.
Жалпы алғанда, Қарағанды облысы – Қазақстанның ірі шикізат базасының бірі болып табылады, бай қоры да бар, бұл сапалы өнім өндіруге ықпал етеді, – деді «Qaz Carbon» ЖШС акционері Ерлан Нығматулин.

Таскөмірлі жартылай кокс өнеркәсіптің химия және ферроқорытпа салаларында шойынды балқыту үшін қолданылады. Көптеген отандық металлургиялық кәсіпорындар оны басқа елдерден сатып алады, себебі жергілікті нарықта бұл өнімнің жетіспеуі сезіледі.

– Тас жартылай кокс нарығын талдай отырып, біз Қазақстанда осы өнімнің тапшылығы бар деген қорытындыға келдік. Қазіргі уақытта барлық озық өнеркәсіптік елдер қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, қосылған құны жоғары өнімдерді алу үшін қарапайым көмірді терең өңдеуге көшті. Қазақстан осы бағытты дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. Біздің зауыт жобалық қуатқа шығатын ішкі нарықтың қажеттілігін 100%-ға қамтамасыз ете алады және экспортқа шыға алады, – деп атап өтті «Qaz Carbon» ЖШС акционері Давид Кемертелидзе.

Инновациялық технологиялардың, сондай-ақ процестерді автоматтандырудың арқасында кәсіпорында осы өндірісті іске қосумен 50 жаңа жұмыс орны ашылды.

Басқа материалдар

Back to top button