Ресми

Қарағандылық киберполицейлер интернет-алаяқтарынан қала тұрғынына 1 миллионға жуық ақшасын қайтартып берді

Қарағандылық киберполицейлер интернет-алаяқтарынан қала тұрғынына 1 миллионға жуық ақшасын қайтарып берді. Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 52 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші белгісіз біреулер биржадан қомақты ақша табасың деген желеумен 967 мың теңге ақшасын қолды қылғанын айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz облыстық полиция департаментінің  сайтына сілтеме жасап.

Сурет: didarmedia.kz сайтынан

Белгілі болғандай, қазан айының басында жәбірленушінің ұялы телефонына WhatsApp желісі арқылы электронды тауар биржасына қатысу туралы ұсыныс түскен. Ол үшін ұсыныс қабылдаған адам белгілі бір сайтта тіркеуден өтіп, белгісіз бір куратордың айтқандарын істеп, биржалық келісім-шарттан түскен ақшаны шешіп отыру керек болған. Жәбірленуші ол ұсыныспен келіскен.

Қараша айының соңында белгісіз адаммен келіскен жәбірленуші екі айға толмаған уақытта 10 миллионнан астам ақша тапқанын көрген. Алайда, бұл табыс вертуалды ақша екенін білді. Сол кезде оған куратор көмекке келіп, биржадан тапқан вертуалды ақшаны қолма-қол ақшаға аударып беретінін айтқан. Осыған орай, белгісіз куратор жәбірленушіге есеп-шот беріп, сол шотқа 967 мың теңге ақша жіберуін өтініп, жәбірленуші қолында бар ақшаны сол есеп-шотқа жіберген. Арада бір, екі, үш күн өткенде Қарағандылық бұл істің шикі екенін біліп, полицияға арызданған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабы 2 тармағы 4 пунктімен қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Киберпол» арнайы қызметінің жедел уәкілдерімен 967 мың теңге ақша аударылған есеп-шоттың 56 жастағы ауылдардың бірінің иесі анықталды. Анықталған азамат, заңды түрде криптовалюта сатып алумен айналысатын азамат екені белгілі болды.

ондықтанда ол өзінің есеп-шотына 967 мың теңге ақша түскенде басқа шотқа аудару үшін еш күдігі болмаған. Алайда, ақшаны банк арқылы басқа есеп-шотқа аударарда оның шоты бұғатталып, оны шешумен айналысып жүргенде киберпол қызметкерлерінің назарына іліккен. Тәртіп сақшыларының дер кезінде жасаған іс-әрекеттерінің арқасында белгісіз алаяқтардың пайдасына кеткелі тұрған ақша иесіне қайтарылды.

Тергеу әрекеттері барысында жәбірленушінің ақшасы түскен есеп-шот иесінің алаяқтыққа қатыстылығы анықталған жоқ.

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button