Жаңалықтар

Қарағандылық кәсіпкерлер Германияда тегін тағылымдамадан өтеді

Қарағандылық кәсіпкерлер Германияда тегін тағылымдамадан өтуі мүмкін. Бұл «Іскерлік байланыстар» жобасының арқасында мүмкін болып отыр. Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы жергілікті бизнес өкілдерін оқуға қатысуға шақырады, – деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Жоба аясында оқыту 8 шілдеде басталады. Оған кез келген кәсіпкер қатыса алады. Өтінімдер Қарағанды қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында және облыстың барлық аудандары мен қалаларында кәсіпкерлікті қолдау Орталықтарында қабылданады.
– «Іскерлік байланыстар» жобасының белгілі бір талаптары бар. Қатысушы басшылық құрамында, кәсіпорын басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымға ие болуы тиіс. Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оқыту Қазақстанда өтеді. Екінші кезең шетелде тегін тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуді қарастырады, оның ішінде шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату қарастырылған, – деп түсіндірді Қарағанды облысы КП қаржылық емес қолдау бөлімінің сарапшысы Аянна Тыныбаева
Бірінші кезеңде оқыту 3 аптаға созылады. Онда еліміздің үздік бизнес-жаттықтырушылары дәріс оқиды, сонан соң қатысушылар бизнес-жоспарлар құруы тиіс. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін 4 апталық шетелдік тағылымдамаға үміткерлер іріктеледі.
«Іскерлік байланыстар» жобасын «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырады. 
Жоба туралы толық ақпаратты Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасынан білуге болады. Анықтама телефоны: 50 64 18.

Басқа материалдар

Back to top button