Жаңалықтар

Қарағандылық депутаттар жол сапасын тексерді

Қалалық мәслихаттың уақытша комиссия өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелері жолдардың сапасын тексеріп, мердігерлермен кездесті. Жөндеу жұмыстары көңілдері толмайтынын айтқан халық қалаулылары жауапты тұлғаларды сын тезіне алды.

Депутаттардың айтуынша, жөндеу жұмыстарына қомақты қаражат жұмсалған. Әйтсе де, жолдардың сапасы сын көтермейді. Мәселен, Федоров шағын ауданындағы екі жыл бұрын төселген жол жарамсыз болып қалған. Мердігер компания асфальт жабындыларын төсегенде, қалыпты сақтамаған. С.Мұқанов көшесінен Күнгей ықшам ауданына дейінгі жолдың да жағдайы мәз емес. Десек те, дабыл қағуға тым кеш. Өйткені, жөндеу жұмыстарын техникалық қадағалау қабылдап қойған. Қала көшелерін тексерген уақытша комиссия өкілдері анықталған кемшіліктерді 10 маусымға дейін түзетуді тапсырды.

Әзірлеген: АИДА РАХИМКУЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button