АймақҚарағанды

Қарағандыда жол қозғалысы жөнінде қоғамдық талқылау өтеді

Қарағандыда 28 ақпан күні сағат 19:00-де «Beginit by inDrive» жобасы шеңберінде «Social Talks» қоғамдық пікірталас өткізеді. Іс-шарада жол қозғалысының сарапшысы Қарағандыда жол қауіпсіздігі ережелерін қалай сақтау керектігін айтып береді.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Social Talks – негізгі әлеуметтік мәселелер бойынша идеялар мен тәжірибе алмасудың бірегей мүмкіндігі. Осы ретте жол қауіпсіздігінің маңызды тақырыбы және оның қалалық ортадағы әлеуметтік көшбасшылықпен байланысы талқыланады.

Іс-шараның спикері ретінде жол қозғалысын басқару маманы және жоба жетекшісі Азиза Таласпаева болады. Азиза Таласпаева «Urban Forum Kazakhstan» қоғамдық қоры аясындағы «Urbanitarium Astana» жобасының мүшесі және «Мектепке қауіпсіз жол» коммерциялық емес жобасының бастамашысы. Ол «Әлеуметтік көшбасшылар қаладағы жол қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?» тақырыбында және елімізде жол-көлік оқиғасын азайту мақсатына жетуге біздің әрқайсымыз қалай үлес қоса алатынымыз және бұл мәселе бойынша жастардың хабардар болуы неліктен маңызды екендігі туралы әңгімелейді.

Талқылауға қатысуға ниет білдірген кез келген адам 28 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Алалыкина көшесі, 12 мекенжайында орналасқан «Terricon Valley» коворкинг орталығында өтетін шараға қосылып, жол қауіпсіздігі мәселелерін талдап, қауіпсіз әрі жауапты қалалық кеңістіктерді қалай құру керектігі туралы пікір алмаса алады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button