Қарағандыдағы жаппай улану: Жұмыстан шеттетілген дәрігерлер қайта жұмысқа қабылдана ма?
Балалардың улану оқиғасынан кейін Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 10 қызметкері мекемеге қайта оралып, өз жұмыстарына кірісті. Қалған екі медицина қызметкері, яғни бөлім меңгерушісі мен психиатр дәрігер жұмыстан шеттетілген. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.
– Осы факті бойынша облыста комиссия құрылды. Оны облыс әкімінің әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары басқарады. бұл медициналық-әлеуметтік мекемеде бала өлімі тіркелген еді. Содан кейін комиссия медицина қызметкерлерін белгілі бір мерзімге жұмыстан шеттету туралы шешім қабылдады, – деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz