АймақЖаңалықтар
Қарағандыда шыбын-шіркейді залалсыздандыру жұмыстары басталды
11 сәуірден бастап Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан ауданында аумақтарды шыбын-шіркейден залалсыздандыру жұмыстары басталды.

Іс-шаралар аясында қараусыз қалған су қоймалары мен таяз су қоймаларына, күзетілетін нысандардың аумақтарына, саябақтарға, алаңдарға, сондай-ақ тұрғын үй учаскелеріне дәрі-дәрмек себіледі.
Қала әкімдігі қарағандылықтардан өңдеу аймақтарында сақтық шараларын сақтауды сұрайды. Жұмысқа келісім-шарт «Фарза групп» ЖШС-мен жасалған. Қазыбек би ауданында жұмыстар мамыр айында басталады деп жоспарлануда.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.