Жаңалықтар

Қарағандыда “Сәкен оқулары” өтті

Қарағанды қаласында Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Сәкен оқулары» бірінші облыстық мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оған аймағымыздан елуге тарта оқушы қатысты.

Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, байқауға аудандық және қалалық кезеңдерде топ жарған, үздік оқушылар қатысқан.

Сайыскерлер екі аталым бойынша сынға түсті. «Сыр сандықты ашып қара» аталымында оқушылар ақын шығармаларын жатқа оқыды. Ал, «Сәкеннің ән сандығы» аталымында ақының өлеңдеріне жазылған әндерді шырқады.

Байқау қорытындысында «Сыр сандықты ашып қара» номинациясы бойынша С. Сейфуллин атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Жасмин Әбдірахман үздік атанды. (Шет ауданы). Ол ақынның 70 өлеңін жатқа біледі.

«Сәкеннің ән сандығы» номинациясы бойынша облыстық мамандандырылған музыка мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Аружан Сапан жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар, ал барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Басқа материалдар

Back to top button