Жаңалықтар

Қарағандыда «Ұрпақтар естелігі» акциясы жалғасуда

Қарағанды облысының аудандары мен қалаларында республикалық «Ұрпақтар естелігі» акциясы жалғасуда.

Акцияға қатысушылар  Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштер мен мемориалдық кешендердің аумағына  абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, соғыс ардагерлерінің құрметіне аталған көшелер мен даңғылдардың бойын күл-қоқыстан тазартты.

Акция «Нұр Отан» партиясының бастамасы бойынша жыл сайын көктем мен күз айларында өтеді. Оған партияның өңірлердегі филиалдарының, бастауыш партия ұйымдарының, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысуда.

27 сәуір күні акцияға қатысушылар 26 ескерткіш пен мемориалдық кешен аумағын тазартты. Оған 350 адам қатысты.

 

Басқа материалдар

Back to top button