Жаңалықтар

Қарағандыда республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі іштер министрлігінің тікелей тапсырмасына сәйкес, облыстық полиция департаменті өкілдерінің ұйымдастыруымен республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.

Акция қаланың Бұқар жырау даңғылы 86 үй, «Гранд Стор» сауда ойын-сауық орталығы және Октябрь ауданы Мәметова көшесі, 111 үй «Теміржолшылар» мәдениет үйі мекен-жайлары бойынша жүргізілді. Сондай-ақ, мақсатты шара облысымыздың басқа қалалары мен аудандарында да ұйымдастырылды.

Акция шеӊберінде ҚР құқықтық-нормативтік актілерді кеӊінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  • Акцияны Елбасыныӊ Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы жалпы мемлекеттік жүйені қалыптастыру бағытындағы және жұртшылықтыӊ алдында полицияныӊ имиджі мен оған сенімін арттыру мақсатында өткізіп отырмыз.
    Сәуір айында өткізген акция аясында, яғни, екі күн ішінде 800-ге жуық полиция департаменті өкілдерінің көмегіне жүгінді. Бұл шара алдағы уақытта әр ай сайын өткізіліп тұрады, – дейді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Шараны өткізудегі негізгі мақсаттар – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамаларын сақтау, көлік құралдарын тіркеу, қылмыстық істердің тергелуі, жеке және жүргізуші куәліктерін алу, айыппұлдарды төлеу кезінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне сондай-ақ, жалпы полиция органдары қызметінің жұмысына қатысты қала тұрғындарының сауалдарына толыққанды жауап беру.

Басқа материалдар

Back to top button