АймақҚарағанды

Қарағандыда республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде

Бүгін Қарағандыда қазақ әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын, көрнекті қоғам қайраткері – Сәкен Сейфуллиннің 130-жылдығына орай «Қоғам және тұлға: Сәкен Сейфуллиннің қайраткерлік болмысы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.

Суреттерді түсірген автор

Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шара төрт күнге жоспарланған. Оған қоғам белсенділері, мекеме басшылары, қазақ руханиятын дамытуға еңбегі сіңген белгілі тұлғалар, жоғары оқу орындарының ғалымдары, тіл жанашырлары, халық қалаулылары қатысуда.


Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына аарналған іс-шаралар апталық ретінде жоспарланды. 17 қыркүйекте арнайы делегация Сәкеннің туған ауылы – Қарашілікке саяхатқа аттанса, 18-інде қалада Сәкен әнін орындаушылардың фестивалі өтеді. 19 қыркүйекте Қарлагқа саяхат ұйымдастырылады. Аптаның соңында Мұхтар Әуезов атындағы орталық кітапханада қазақ әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын, көрнекті қоғам қайраткері – Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай ұйымдастырылған апталық іс-шаралар қорытындыланады.

— XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларын толғандырған ұлттық мәселе Тәуелсіздік және соған жетудің жолдары болды. Осы мәселені іске асыру мақсатында олардың атқарған істері бізге рухани мұра болып жетті. ХХ ғасырдың басында тарих сахнасына қазақтың ұлттық мүддесін қорғаған, осы жолда күрескен қазақтың оқыған зиялылары шықты. Ал, осы тұста Сәкен Сейфуллиннің еңбектерінен ұлттық мүдде үшін қызмет жасағанын көруге болады. Ол өз заманының саясатына қызмет ете жүріп, қазақ халқының ұлттық мүддесін сақтап, жанында жүрген жақсы адамдарды қадірлей білген, — деді «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрсахан Бейсенбекова.

Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button