Аймақ

Қарағандыда QazTehna зауытында жаңа автобустар құрастырылуда

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов QazTehna зауытына сапары туралы есеп берді. Қазір зауытта Пришахтинск қаласына берілуі тиіс жаңа автобустар құрастырылуда. Пришахтинск тұрғындарының қоғамдық көліктерге қатысты шағымдары өте көп.

Қала әкімі QazTehna зауыты директорының орынбасары Александр Мизгулинмен кездесу барасында белгілі болғандай, әдетте автобустардың партиясы алты ай ішінде жасалады екен. Бірақ зауыт қала үшін тәуекелге барып, автобустарды 1 ай ішінде тапсырамыз деп уәде берді Александр Мизгулин.

Нәтижесінде, жалпы партиядағы автобустардың алғашқы 20-сын алып, қалған 30 автобусты айдың соңына дейін аламыз, дейді қала әкімі.

Сондай-ақ оларды Пришахтинск, Узенка, Новоузенка бағыттары бойынша іске қосу жоспарлануда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА, 

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button