Бас тақырыпЖаңалықтар

Президент Түркі әлемі аллеясының ашылу рәсіміне қатысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге Түркия астанасындағы «Бештепе» саябағында орналасқан Түркі әлемі аллеясын ашты.

Аталған аумақта Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның ұлттық павильондары бой көтерген. Олардың әрқайсысында бауырлас халықтардың ортақ тарихы, мәдени мұрасы, рухани құндылықтары мен дәстүрлері көрініс тапқан.

Қазақстан павильонының басты нышаны – қазақтың киіз үйі. Ол Ұлы дала өркениеті мен түркі халықтарының ортақ тарихи тамырын бейнелейді. Мемлекет басшыларына киіз үйдің безендірілуінде көрініс тапқан ежелгі түркі өркениеті, сақ мұрасы, қазақ халқының табиғатпен үйлесімді тіршілігі және қазіргі Қазақстанның келбеті таныстырылды.

Сондай-ақ мәртебелі меймандар назарына қазақтың дәстүрлі саятшылық өнерін бейнелейтін «Сақ аңшысы» мүсіндік композициясы ұсынылды. Бұған қоса, көне түркі жазба мәдениетінің құнды мұрасы саналатын Орхон ескерткіштері туралы мәлімет берілді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button