Қарағандыда облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері ашылды
Қарағандыда Республика күні қарсаңында облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің ресми ашылу салтанаты өтті. Ертеден жұмыс жасап келе жатқан мекеме 90-шы жылдары жабылып қалған болатын. Енді спортшылар қайтадан орталықтандырылған медициналық қызмет алып, кешенді тексеруден, оңалтудан өте алады. Жаңа әлеуметтік нысанның ашылуына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев арнайы қатысты.

– Мен көптеген түрлі диспансерлерді, оңалту орталықтарын көрдім. Алайда мұнда ең жаңа жабдық орнатылған, барлығы сапалы спорттық медицина үшін жасалған. Спорттық қызметке қорытынды жыл сайын беріледі, бұрын ол үшін Алматыдағы спорттық медицина және оңалту орталығына тексеруге баруға тура келді. Қазір осы жерде қол жетімді, – деді Серік Сәпиев.
Диспансерде 36 дәрігер және 19 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Штат білікті мамандармен жабдықталған. Травматологтар, кардиологтар, невропатологтар, ортопед, реабилитолог, психолог және тағы да басқа қызметтерді көрсетеді. Мұндағы 29 кабинет заманауи техникамен жабдықталған.
– Бүгінгі таңда медицинасыз спортты елестету мүмкін емес. Өйткені, жүктеме үлкен. Мұндай қолдаусыз нәтиже болмайды. Қарағандылықтар үшін бұл, әсіресе, келесі жылғы Олимпиада ойындары қарсаңында керемет сыйлық. Орталықтың ашылуын асыға күттім. Бірақ, мұндай кең ғимарат, керемет база, жайлы болады деп ойлаған жоқпын, – деді спорт ардагері Валерий Громов.
Ербол ЕРБОЛАТ,
ortalyq.kz