Қарағандыда оқушылар толы мектеп дәлізі бейнеге түсіп қалды

Қарағанды ата-аналары Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде оқушылардың қысылып, толып тұрған дәлізін видеоға түсіріп, желіге таратқан. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі бұл жағдайға түсініктеме берді.

Жобалық қуаты 1200 адамдық лицейде барлығы 2999 бала оқиды. Мектепте оқу-тәрбие процесі алты күндік оқу режимімен үш ауысымда ұйымдастырылған.

– Бұл жағдай 12 қыркүйекте 18:35-те екінші ауысымның алтыншы сабағынан кейін киім ауыстыратын бөлменің жанында болды. Киім ауыстыратын бөлменің кіреберісінде кезекші әкімші мен мұғалімдер болды. Жағдайды кезекшілер реттеді. Осындай жағдайдың алдын алу үшін қосымша шара қабылданды. Бұл мектепте жыл басынан бері күн, ауысым, рекреация, асхана және үзіліс үшін арнайы кезекші мұғалімдер мен әкімшілер бар. Сонымен қатар, ауысым бойынша сынып жетекшілер кезекші болады. Оқушылар тек үзіліс кезінде ғана кезекшілік етеді, – деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі өкілі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.