Қарағандыда «Hard day» шарасы өтті

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Жастар жылы» және Қарағанды облысының индустриалды – инновациялық дамуы аясында стартап – жобалар мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Hard day» шарасы өтті.

Шараны ұйымдастыруға «Сарыарқа» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясының қолдау көрсетті.

«Hard day» шарасының мақсаты — жастардың бизнеспен айналысу жіберетін қателіктердің алдын – алу және жалпы кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру. Екі күн қатарынан лекция мен семинарлар, және де жастармен жобалары бойынша өзіндік жұмысты «Astana Hub» халықаралық технопаркінің ең үздік бизнес – тренерлері мен Қарағанды қаласының тәжірибесі бар кәсіпкерлері жүргізді. Сонымен қатар жобалары бар жастар өз жобаларын қалау қорғау керек, маркетинг жағын қалай ойластыру керек және де т.б. тақырыптар бойынша курстар өтіп шықты. Жалпы «Hard day» іс – шарасына 100- ден астам жастар қатысып, екі күн тәлім алып, арнайы сертификаттарға ие болды. Қатысушылардың арасынан шамамен 25 жобаның арасынан 14-15 жоба келесі оқу процессі «пред – акселерацияға» өтті. Жобаны келесі сатыға өткізу барысында жоба авторларының екі күн бойы жұмыс істеу ынтасы мен сапасы, жобаның актуалдығы мен қоғамдық пайдалары ескерілген болатын. Келесі «пред – акселерация» екі айлык тегін оқыту іс – шарасы маусым айына қарастырылған.