Жаңалықтар

Қарағандыда ер адам ломбардты тонап кеткен

Қарағандыда ер адам ломбард қызметкерін пышақпен қорқытып, кассадан 700 мың теңге алып кетті деп жазады  sn.kz

2018 жылдың 31 желтоқсанында Қарағанды облыстық Оңтүстік-Шығыс Полиция бөлімшесіне ломбардты тонап кеткені турлы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ломбардқа маска киген белгісіз біреудің шабуыл жасағанын анықтады. Ол сол мекеме қызметкерін пышақпен қорқытып, ақша талап еткен.

Ломбард қызметкері қорқып, белгісіз ер адамға кассадан 700 мың теңге ақша санап берген. Жедел-іздестіру кезінде полиция 34 жастағы ер адамды ұстады.

Қазіргі уақытта қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Басқа материалдар

Back to top button