Қарағандыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

19 қазан күні Қарағанды қаласында «Ауыл Береке — 2019» күзгі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде аудандар мен қалалардан келген кәсіпкерлердің өнімдері арзандатылған бағада ұсынылады.

Жәрмеңке Олимпийская көшесінің бойында («Шахтер» стадионының жанында) өтеді. Оған келесідей бағыттар бойынша жүретін қоғамдық көліктермен жетуге болады:

1. Оңтүстік-Шығыс, орталық, Пришахтинск–  № 45, №145 және №70 автобустар;
2. Майқұдық, қала, Михайловка –  № 28 (Қозғалыс кестесі Олимпийская көшесіне өзгертіледі);

3. ТББ (ЖБИ) зауыты аумағы, қала  –  № 73 және №55 автобустар.