Қарағандыда «Armanǵa jol-2019» жартылай марафоны өтеді

Қарағанды қаласында 19 мамыр күні  «Armanǵa jol» жартылай марафоны өтеді. Қазір қатысушыларды тіркеу басталды. Сондай-ақ, марафон ережелері мен маршруттары белгіленген. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қатысушылар түрлі қашықтыққа жүгіреді. Олардың ішіндегі ең бастысы – «Armanǵa jol» жартылай марафоны (21 шақырым). «Спутник» деп аталатын екінші дистанцияның ұзындығы –14 шақырым. Бұл жүгірулерге тек кәмелетке толған тұрғындарға ғана рұқсат беріледі. 

Кез-келген жас мөлшеріндегі және мүмкіндігі шектеулі қатысушылар ұзындығы 7 шақырымды құрайтын «Достык» дистанциясын жүгіріп өте алады. Ал 8-ден 13 жас аралығындағы балалар екі шақырымдық  «Балапан» қашықтығына жүгіреді. 

Биыл жылдағы дәстүрге өзгерістер енгізіліп, скандинав жүрісі бойынша тағы екі номинация қосылды. Оған қатысушылар 7 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. 

 «Armanǵa jol» жартылай марафоны ақылы болмақ. Қатысу жарнасы — 2 000 теңге. Ал, өзге қашықтықтар тегін. Қазіргі таңда марафонның барлық маршруттары белгіленіп қойды.