Жаңалықтар

Қарағандыда «Armanǵa jol – 2019» жартылай марафоны өтеді

19 мамыр күні сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін Қарағанды қаласында «Armanǵa jol 2019» жартылай марафоны өтеді. Жартылай марафон Тәуелсіздік алаңынан басталады. Байқаудың бағдарламасы бойынша қатысушылар 21, 14, 7, 2 шақырым және скандинав жүрісі бойынша 7 шақырым қашықтықта бақ сынайды. Сондай-ақ, Тәуелсіздік алаңында спорттық-концерттік шоу қойылымдар ұйымдастырылады.

Спорттық шараның ұйымдастырылуына байланысты, 19 мамыр күні сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін Бұқар жырау даңғылының бір бөлігі (Н.Әбдіров даңғылымен қиылысар тұстан бастап, Ленин көшесінің қиылысына дейін), Ленин көшесі (Бұқар жырау даңғылының қиылысынан бастап, Терешкова көшесінің қиылысына дейін), Ғ.Мұстафин көшесі Н.Әбдіров көшесімен қиылысар тұсқа дейін, Н.Әбдіров даңғылының бір жақ бөлігі және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бір бөлігі (Бұқар жырау даңғылының қиылысынан бастап, С.Ерубаев көшесінің қиылысына дейін), С.Ерубаев көшесі (Н.Назарбаев даңғылының қиылысынан бастап, Әлиханов көшесінің қиылысына дейін) жабылады. Жартылай марафонды ұйымдастырушылар жолдардың жабылуына байланысты туындаған қиындықтар үшін кешірім сұрайды.

Басқа материалдар

Back to top button