АймақҚарағанды

Қарағандыда қай көшелердің жолы жөндеуден өтеді?

10 сәуір күні Гоголь көшесіндегі жол өткелінде жөндеу жұмыстары басталған болатын. 15 сәуірге қараған түні бұл өткел арқылы көлік қозғалысы ашылды.

Сурет ulysmedia.kz

⁃ Осы сәттен бастап жол-құрылыс маусымы ресми түрде басталды, – деді қала әкімі Мейрам Қожухов.

Қала әкімі 2025-2026 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, биылғы жол маусымында ауқымды жұмыстар жүргізілетінін де атап өтті. Кеншілер астанасында 120 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылмақ. Жөндеу жұмыстарының тізіміне Университет, Мұстафин, Мұқанов, Волгодонская, Лободы, Төлепов, Ермеков, Язев, Сатыбалдин, Жауынгер-Интернационалистер көшелері және басқа да көшелер кіреді.

Өткен жылы басталған бірқатар жобалар да аяқталады. Ол жобалар Пичугин – Новосёлов көшелерінің 7-магистральға (Пригородная көшесіне дейін) дейінгі бөлігін күрделі жөндеу, Четская көшесі, Космонавттар көшесін қайта жаңғырту жұмыстары болатын.

Сонымен қатар, Мұқанов көшесінен бастап «Династия» тұрғын үй кешеніне дейін (1 шақырым) жол салу, Бөкетов көшесінің (Мұқанов көшесінен Үштөбеге дейін) құрылысы аяқталады. К.Дүйсембеков пен Б.Момышұлы көшелері арасындағы аулалық жолдардың (0,8 шақырым) бірінші кезеңінің құрылысы басталады.

Өткен жылы үлгермей қалған Н.Назарбаев даңғылы – 3,8 шақырым; Ермеков көшесі – 2,3 шақырым; Михайловкадағы жекеменшік сектор көшелерінің де жол жөндеу жұмыстары да жалғасын таппақ.

Айта кетейік, тағы да басқа көшелердің жөндеу жұмыстары туралы ақпаратты төменде көрсетілген суреттерден көруге болады. 

Суреттер қала әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Рузана ҚУАНЫШҚЫЗЫ,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің 

IV курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button