АймақБас тақырып

Қарағандыда 165 су жаңа қоғамдық көлік пайдалануға берілді

Биыл Қарағанды облысының қоғамдық көліктері жаңартылып, 165 жаңа автобус жолға шықпақ.

Қазіргі таңда Саран Qaztehna зауытынан шыққан елу тоғыз автобус №5 автопаркке жеткізілді.

– Біз 59 жайлы автобус сатып алдық. Олар климатты бақылау, бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ ақылды камералармен жабдықталған. Мысалы, егер жүргізуші шаршаса, ұйықтап қалса, темекі шексе немесе телефонмен сөйлессе, автобус камералары бәрін түсіріп, тәртіп бұзушылықтар туралы сигнал береді. Біз нақты уақыт режимінде барлығын қадағалап отыруға техникалық мүмкіндігіміз бар. Сондай-ақ, автобустар жылдамдықты шектейтін датчиктермен, жүріп-тұруы қиын жолаушыларға арналған көтергіштермен жабдықталған. Олардың клиренсі жоғары, жүргізушіге қоңырау шалу түймесі бар. Автобустар «Еуро-5» экологиялық стандартына сәйкес келеді, – дейді «№ 5 автобус паркі» ЖШС Бас директоры Нұрлан Елшібаев.

Жаңа автобустардың бір бөлігі қала орталығы мен Пришахтинск шағынауданы арасында жүреді. Осылайша 145-ші және 45-ші автобустарын жаңарту қала тұрғындары үшін қуанышты жаңалық болып отыр.

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев автопарк басшылығымен кездесіп, жаңа автобустарды аралап көрді.

– Біз үшінші жыл қатарынан қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстарымен тығыз айналысып келеміз. Қазір бізде автопарк 80%-ға жаңартылды. Енді Пришахтинск тұрғындары кешкі уақытта үйлеріне жетуі үшін автобустардың жұмыс уақытын 21:00-ге дейін ұзарту мәселесі ғана қалды. Облыстық автобустарды да жаңартамыз. Жыл соңына дейін барлығы 33 автокөлік сатып аламыз, сегізі ең сұранысқа ие бағыттардың бірі Қарағанды – Теміртауға шығады. Жақын арада Балқаш қаласының да автобус паркі жаңарады. № 5 автопарк иелері сол жерде де жұмыс істейді. Бүгінгі таңда басты мәселе білікті жүргізушілердің тапшылығы болып қала бермек. Мысалы, № 5 автопаркте 60-тан астам маман жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін Спасск тас жолының маңында жаңа автодром жабдықталуда. Онда D санатына үміткер жүргізушілер жүргізу техникасын жетілдіре алады, – деп атап өтті облыс әкімі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button