Жаңалықтар

Қарағандыда 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

Қарағандыда өткен жылы жұмыспен қамту орталығы арқылы 15 мыңнан астам жұмыссыз адам жұмысқа орналасты. Олардың 6 мыңнан астамы – 29 жасқа дейінгі жастар.

Қарағандылықтардың жұмыс іздеуіне көмектесу мақсатында қалада бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп келеді. Өткен жылы Қарағандыда осындай төрт шара ұйымдастырылды. Жалпы саны бұл іс-шараларға үш мыңнан астам адам қатысты. Нәтижесінде, 689 адам жұмыс орындарына қызметке қабылданды.

Осы жылы Қарағандыда бос жұмыс орындарының бірінші жәрмеңкесі өтті. Оның нәтижесінде 84 адам жұмысқа орналасты.

Лайықты бос жұмыс орындарын таба алмаған адамдар үшін қалада қайта оқыту бағдарламалары жұмыс жасайды. Жыл басынан бері қысқа мерзімді курстарда жаңа мамандықтарды 256 адам игерген. Олардың 95-і – 29 жасқа дейінгі жастар.

Сондай-ақ, жастарға шағын несие алып, өз бизнесін ашуға мүмкіндік берілуде. Мысалы, биылғы жылы Қарағандыда шағын несиелеуге 295 млн. теңге жұмсалмақ. Несие желісіне қазірдің өзінде 13 қатысушы жүгінді.

Биыл жұмыспен қамту орталығына 3817 адам көмек сұрап келді. Олардың қатарынан 2541 адам жұмысқа орналасты.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button