АймақҚарағанды

Қарағанды – Жезқазған бағытына жаңа вагондар жолға шықпақ

Жақын арада Қарағанды – Жезқазған бағытында жүретін пойыздарда жаңа купе мен екінші санатты вагондар пайда болады. Заманауи үлгідегі жаңа вагондарды «Жолаушылар тасымалы» компаниясы сатып алған.

 

Жолаушылар тасымалы кәсіпорнының паркіне қосылған жаңа вагондар кондиционермен, ауаны тазартатын сүзгілермен, түтін детекторларымен және бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Сонымен қатар, вагонда электр розеткалары мен душ бөлмелері де бар.

 

Қарағанды –Жезқазған бағытымен қатар қазақстандық бірқатар пойыздарда, атап айтар болсақ Атырау–Ақтөбе, Атырау –Маңғыстау бағытына жүретін пойыздарда 150-ден астам заманауи вагон пайда болмақ.

 

Жаңа вагондар отандық өндірістен шыққан. Көліктерді қазақстандық «ЗИКСТО» зауыты шығарады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button