Жаңалықтар

Ұшақ апатынан журналист Дана Круглова қаза тапты

Алматы маңындағы әуе апатынан Informburo редакторы Дана Круглова қазақ тапты. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. 

 

“Талғар түбіндегі әуе апатында қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қаза болғандардың ішінде жерлесіміз, Informburo редакторы, журналист Дана Круглова бар. Иманды болсын. Аман қалған және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін!”, – деп жазды Жеңіс Қасымбек өзінің “Фейсбук” парақшасында.

Дана Круглова 1984 жылы 8 сәуірде дүниеге келген. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде “Журналистика” мамандығы бойынша тәлім алған. 2016 жылы Informburo.kz агенттігіне жұмысқа тұрып, 2019 жылдың басында шығарушы редактор лауазымына тағайындалған. 

Басқа материалдар

Back to top button