Коронавирус

Қарағанды облысының кәсіпкерлері Елбасының үндеуін қолдайды

Қарағанды облысының кәсіпкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуін қолдайды.

Бүкіл әлем үшін қиын күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев барлық қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Үкіметтің коронавируспен күреске бағытталған іс-қимылдарын қолдауға шақырды.

Елбасының еңбек жолын бастаған Қарағанды облысының өнеркәсіп секторының өкілдері, кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері Нұрсұлтан Әбішұлының әрбір азаматтың коронавируспен күреске өз үлесін қосуы тиіс деген сөзін әділ деп санайды. Олар коронавирусқа қарсы күрес үшін қаражат жинайтын Қор құру идеясын сөз жүзінде ғана емес, нақты іс атқарып қолдайды.

Тек “Қазақмыс” ЖШС компаниялар тобының еңбек ұжымдары аталған қорға 400 млн теңге аударды.

Сондай-ақ, бұл бастаманы “Шұбаркөл Көмір” АҚ, Абай ауданының “Шанс” және Бұқар Жырау ауданының “Жәке” шаруа қожалығы, “Шерубай су” ЖШС, “Киров атындағы ӨК” ЖШС және т. б. қолдады.

Қарағанды облысының өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері бұл бастама одан әрі дамитынына сенімді. 

Басқа материалдар

Back to top button