Облыс әкімі

Қарағанды облысында бірқатар тағайындаулар болды

Облыстық ішкі саясат басқармасына және облыстық  мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына жаңа басшы тағайындалды. 

Сурет облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Ерлан Құсайын тағайындалды. Ол 1976 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.
1999 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Қарағанды экономикалық университетін “экономика саласындағы құқықтық реттеу” мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Қазақ тілі мұғалімі болып бастады.
2008 жылдан 2014 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2014 жылы Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары болды.
2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы болып жұмыс істеді.
Соңғы тағайындалуға дейін Қарағанды облысы әкімінің аппараты “Қоғамдық келісім” КММ директоры қызметін атқарған.


Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының жаңа басшысы Еркебұлан Жұмакенов болды. Қарағандыда қаласында 1976 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі және магистр дәрежесі бар.

2002 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясын “Орындаушы, оркестр әртісі, оқытушы” мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы осы ЖОО-да ассисентура-тағлымдаманы бітірді.

2007 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдап, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1997 жылы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің симфониялық оркестрінің әртісі болып бастаған. Кейін Президенттік оркестрдің шығармашылық тобының көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті өнер басқармасы бастығының міндетін атқарушы, ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің би тобының көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері болып жұмыс істеді.
Әрі қарай Еркебұлан Жұмакеновтің мансабы Қарағанды облысында жалғасты. Облыстық орталықта
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры болған. Жезқағанда да қазақ музыкалық-драма театрының басшысы болып жұмыс істеп үлгерді. Қазіргі тағайындалғанға дейін Нұр-Сұлтандағы Consult Investment Group ЖШС дамыту жөніндегі директоры болды.

Сондай-ақ бүгін облыс әкімінің жаңа кеңесшісі таныстырылды . Бұл міндет Марат Жандаулетовке жүктелді. Ол 1957 жылы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 1984 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды. Жаңаарқа ауданы аппаратының басшысы, осы аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Осы қызметке дейін Шет ауданының әкімі болды.

Басқа материалдар

Back to top button