Қарағанды облысы тұрғындары үшін коммуналдық қызмет ақысы қалай өзгереді?

Коммуналдық қызметтерді тұтынудың жаңа әлеуметтік нормалары: Қарағанды облысының тұрғындары үшін не өзгереді?
2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қарағанды облысында сумен жабдықтау (Абай қаласы) қызметтеріне, ал 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап жылумен жабдықтауға (Қарағанды қаласы) сараланған тарифтер күшіне енді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауымен қолға алынған бұл жаңашылдық «көп тұтынсаң, соғұрлым көп төлейсің» қағидасы бойынша коммуналдық қызметтерді ұқыпты пайдалануды ынталандыруға бағытталған.
Сумен жабдықтау (Абай, «Жігер-Су» КМК 01.12.2024 ж.):
• 1-кіші топ: Айына 3 м³ суды тұтынатын жеке тұлғалар ҚҚС-сыз 1 м³ үшін 138,96 теңге төлейді.
• 2-кіші топ: 3 м³-ден 5 м³-ге дейін тұтынатындар үшін тариф ҚҚС-сыз 1 м³ үшін 166,75 теңгені құрайды.
• 3-кіші топ: 5 м³-ден 10 м³-ге дейін тұтыну үшін тариф ҚҚС-сыз 1 м³ үшін 208,44 теңгеге дейін өседі.
• 4-кіші топ: Айына 10 м³ астам пайдаланатын тұтынушылар ҚҚС-сыз 1 м³ үшін 277,92 теңге төлейді.
Жылумен қамту (Қарағанды қаласы, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС 01.02.2025 ж.):
• 1 кіші топ: 100 м² дейінгі жылытылатын аумақ үшін тариф ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 5 493,56 теңге мөлшерінде белгіленді.
• 2 кіші топ: 100 м²-ден 200 м² дейінгі аумақ үшін – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 6 042,91 теңге.
• 3 кіші топ: 200 м²-ден асатын аумақ үшін – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 9 460,48 теңге.
Әлеуметтік нормаларды енгізу халықты су мен жылу энергиясын ұтымды пайдалануға ынталандырумен қатар, қосымша қаражаттың түсуін қамтамасыз етуді де көздейді.
2, 3 және 4-кіші топтар бойынша тарифтерді қолданудан алынған кірістер жабдықтар мен желілерді жаңғыртуға, қайта жаңартуға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі құралдарды сатып алуға жұмсалады.