Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Әлішер Әбдіқадыров Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол өнеркәсіп, ШОБ дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелеріне жетекшілік етеді.


Әлішер Әбдіқадыров Ломоносов атындағы ММУ-де оқыған. Экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 2009 жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің сарапшысы қызметінен бастаған.

2013 жылы  аталмыш министрліктің стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдың ақпан айынан бастап 2015 жылдың шілде айына дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары болды. Кейін, 2016 жылдың шілдесіне дейін Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2016 жылдан 2019 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласының Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы болды.

Соңғы тағайындауға дейін «QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.