Жаңалықтар

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Құрылтай сайлауына келді

Бүгін, 23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей дауыс беріп, бұл күннің тарихи маңызын атап өтті.

Сурет облыс әкімдігінен

« –  Қазақстан халқы алғаш рет жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлап жатыр. Бұл еліміздің саяси жүйесіндегі жаңа кезеңнің бастауы. Сондықтан бүгін әрбір қазақстандық елдің болашағына қатысты өз таңдауын жасайтын маңызды күн», – деп жазды Әлібек Әлденей өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Қарағанды облысында сайлаушылардың 21,06 пайызы дауыс берген. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада екінші орында тұр.

«– Меніңше, мұндай белсенділік біздің өңір үшін заңды құбылыс. Біз еңбекқор өңірміз. Сөзден гөрі нақты іске басымдық береміз. Бүгінде қарағандылықтар еліміздің саяси өміріндегі маңызды үдеріске белсенді қатысып жатыр», – деп атап өтті ол.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button