Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының хабары
Қарағанды облыстық сайлау комиссиясына Қарағанды облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып сайлануға ниет (келісім) туралы 6 өтініш түсті.
Әли Асхат Сағадиұлы, 1962 жылы туған, қазақ, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында тұратын Бұқар жырау аудандық мәслихатының хатшысы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Ломакин Алексей Борисович, 1979 жылы туған, орыс, Теміртау қаласында тұратын Теміртау қалалық мәслихатының хатшысы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Әбілов Мұрат Смағұлұлы, 1959 жылы туған, қазақ, Қарағанды қаласында тұратын Қарағанды облысының жеке сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Шатохина Татьяна Николаевна, 1970 жылы туған, орыс, Қарағанды қаласында тұратын “Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы” Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Әлімбаева Адия Базылқызы, 1978 жылы туған, қазақ, Қарағанды қаласында тұратын “Қазақтелеком” АҚ филиалы-Корпоративтік бизнес бойынша дивизионның B2G бюджеттік ұйымдарына сату департаментінің бас сарапшысы.
Серік Балғатайұлы Өтешов, 1963 жылы туған, қазақ, Қарағанды қаласында тұратын Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Нұра және Осакаров аудандарының мәслихаттары ұсынған.
Облыстық сайлау комиссиясы.