Қарағанды көңілі – Астана төрінде

Сөз басы

Ұлы Жібек жолынан басталған сауда көші үзілген жоқ. Қайта, жылдар өтсе де, маңызы артып, ауыл шаруашылығының дамуына үлкен ықпал етіп отыр. Астанада қазанның 8-9 жұлдызында өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» бағдарламасының аясында Қарағанды облысының күндері осыны айғақтады.

Жәрмеңкелер қазақ даласына сауда капиталының енуіне қолайлы жағдай жасап, ауыл шаруашылығының өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес салмағын қосыпты. «Бұл ән басқа әннен өзгерек» деп Шәкәрім айтқандай, Арқа өңірінің астатөк байлығын паш еткен айтулы жәрмеңкенің орны бөлек болды. Екі күн бойы қаланың орталық алаңында қарағандылықтар сауданы қыздырды. Жәрмеңкеде Қарағанды облысының 9 ауданы және 4 қаласындағы жергілікті кәсіпорындардың, ауыл шаруашылығының өнімдері саудаға шығарылды. Тіпті, мәдени шараларға ұластырып, Мәңгілік елдің мәйегін өз мәнісінде мәлім қылды. Игі шараға Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев те арнайы барды. Қазыналы өңірдің көлдей көңілін, сапалы өнімін аралап көріп, көзайым болды. Осы жолы Қарағандыдан 840 тонна өнім жеткізілді. Алаң ортасы ән мен жырға бөленіп, аудандар қымыз және бауырсақ фестивальдарын ұйымдастырып, жәрмеңкеге келгендерге Арқаның дәмі ұсынылды.

Арқаның пейілі –

астатөк өнім

Қарағанды облысының үздік тауар өндірушілері астаналықтардың қоржынын қомпайтты. Қала тұрғындарына жәрмеңкеде тауар өнімдері нарықтық бағадан 15-20 пайызға арзанға сатылды. Тізбелеп айтсақ, тонналап келген өнімнің толықтай мәліметі мынадай: 71 тонна ет, 500 мың дана жұмыртқа, 15 тонна сүт өнімдері, 6 тонна балық, 3,6 тонна қымыз, 250 тонна жеміс-жидек, 450 тонна картоп, 8 тонна шұжық, 36 тонна басқа да өнімдер сауда сөресіне қойылды. Сатушылар мен сатып алушылар да дән риза. Жазиралы Жаңаарқадан келген «Ақбота» шаруа қожалығының өкілі А.Құрманова сүт өнімдеріне тұтынушылардың қызығушылығы орасан екендігін айтты.

Ешкінің сүтінен әзірленген өнімдерге деген астаналықтардың сұранысы жоғары болды. Таң атқаннан жәрмеңкеге ағылғандар біздің сауда сөремізге кезекке тұрды. Ауыл тағамдары қалалықтарға таңсық қой. Түйеден – шұбат, биеден – қымыз, сиырдан – айран, қойдан – қоймалтың, ешкі сүті – ең жұғымды тағамдардың бірі. Бүгін ламық, қымыз, шұбат, қатық, айран, шалап, кілегей сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты өнімдер талайды таңдай қақтырды. Бағасы да қалтаға қонымды, – дейді ол.

Келі-келі құрт пен ірімшік сатып алған астаналық Әсем есімді бойжеткен де «Ақбота» шаруа қожалығының өніміне ризашылығын білдірді. «Бүгін мен олжалы қайтып бара жатырмын. Сарыарқаның әр асының дәмі бөлек. Ал, мына сатып алған ірімшік пен құрт, тіпті, дәмді екен. Көптен бері Қарағанды жәрмеңкесін күтіп жүрген едім. Күткеніме орай дәмі тіл үйірер құрт пен ірімшікті алып барып ата-анамды қуантатын болдым. Халыққа жасап жатқан берекелі істері үшін ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», – дейді Әсем.

Қайнаған жәрмеңкеде жұрттың қарасы қалың. Аяқ алып жүрудің өзі қиындай түскен. Себебі, Қарағанды өңірі республикада өзінің өнімімен аты әйгіленген аймақ. Бұл жерде көңіл марқайтатын жетістіктерді сөз еткеніміз абзал. Биыл облыстың ауыл шаруашылығы өнімдері 16 есеге көбейіп, 197,3 млрд. теңгені құраған. Тәуелсіздік жылдары түрлі салалар бойынша 99 объекті іске қосылған. Барлығы да ырғақты қызмет істеп тұр. Көшпелі еліміздің төрт түлік малы мен одан алынған өнімдерінен бөлек, өзінің күнделікті тұрмыс қажеттілігін ашатын дүниелер де аз емес. «Тэгам» ЖШС шұлық өнімін шығаратын фирма ретінде 1997 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасайтын фабриканың өніміне сұраныс та артқан. Отандық өнімді қолдаушылар Қарағандының шұлығының танымалдылығын, оның сапасының жоғарылығын айтып мақтаулы сөздерін арнады. Шұлықтарды сатып тұрғандар да Қарағандының шұлығының сапасына шек келтірмеді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Даму қоры арқылы 64 млн. теңгеге қаржыландырылған фабрикамыз итальяндық құрылғыны орнатқан болатын. Компьютерлік бағдарлама арқылы тоқылатын шұлықтың 120 түрі нарыққа шығып отыр. Түрік, қырғыз елдерінде синтетика қосылады. Ал, біздің фабрика таза шикізаттан тоқиды. Бамбук ағашынан жасалған жіптенде тоқыма тоқуда. Орта есеппен жылына фабрика 3 млн. жұп шұлық шығаруға қауқарлы. Бағасы қымбат емес, сапасы жоғары таза өнімді астаналықтар таласып алуда, – дейді олар.

Биенің саумал сүтін ұнтақ қылып шығарған «Еуразиан-Инвест» компаниясының өнімі де астаналықтардың таңданысын тудырды. Заманға сай өнімді қолданысқа қолайлы жасаған компанияның қызметін жоғары бағалады.

Қарағандының

қолөнері

Жәрмеңке барысында белгілі қарағандылық суретшілер – Айбек Бегалин мен Петр Кишкис сияқты өнер майталмандарының туындылары жиналғандардың көңілін бейжай қалдырмады. Сарыарқаны майлы бояумен келістірген суретшілер тамашалаушылардың көз алдына түйір тасына дейін елестетті. «Алтын адамның» экспонатының көшірмесін жасаған һас шеберлерге қала тұрғыны Бақыт Айтмурзина ризашылығын білдірді.

Мені таңдандырған – Қарағандының ғажап өнері. Көрме арқылы сексеннің сеңгіріне шыққан шаһарды терең тани түстім. Қаншама қолөнер шеберлерінің туындылары тарихымызды танытатын мол мұраны алып келіпті. Негізі, мен Қарағанды өңірінің өнімдеріне тәнтімін және тауарларымен де мақтануға болады, – дейді Бақыт.

Шахтинск қаласының тұрғыны, шебер Кәрім Ермектің қолынан шыққан дүниелер самсап тұр. Домбыра, қобыздан бастап, ат әбзелдері және ағаштан жасалған ыдыстар да көздің жауын алады. Елге он жыл бұрын оралған қандасымыздың ағаштан түйін түйетін өнерін елордалықтар біледі екен. Арнайы іздеп келіп, сатып алып жатты.

Әбдіразақованың

«Ақжелкені»

Ит жүгіртіп, құс салған қазақтың аңшылық, құсбегілік өнері әмбеге аян. Жәрмеңкеден Шет ауданының бүркітшісі Мақпал Әбдіразақованы жолықтырдық. Ол осы жолы «Ақжелкен» атты бүркітін алып келіпті. Арқаның кең даласын бауырға алып ұшқан кереге қанат қыран екі жаста екен. Қанатын анда-санда қағып қойып, қараңдаған жаққа елеңдеген бүркіттің мүсінді кеудесі келісіп-ақ тұр.

Бүгін жәрмеңкеге арнайы «Ақжелкенімді» алып келуімнің де себебі бар. Өйткені, құсбегілік өнерді аз-кем болсын астаналықтарға таныстырайын деген ниетім болды. Біздің баптап отырған үш бүркітіміз бар. Үйде қалған бүркіттердің бірінің есімі «Сарысүмбе», ал, екіншісі «Үшқоңыр». 13 жасымнан құсбегілікпен айналысамын. Әкемнің өнері мені бойыма сіңді. Санап отырсам, құсбегі болғаныма 17 жылдың жүзі болыпты. Қазақ пен қыранды бөліп қарауға болмайды. Қазақтың көк Туында да қыранның бейнеленуі тегін емес. Келген қонақтардың көбі бүркітті сипап, көріп суретке түсіп жатыр. Келімді-кетімді адамдарға бүркіт жайлы мәлімет беріп жатырмын, – дейді құсбегі.

Ән қалықтап,

күй күмбірледі

«Арқаға келіп, әншімін деме» деген тәмсіл бар. Жәрмеңкеде жүріп Арқа әніне сусындаған жұрт тоқтай қалып, әр әнді тыңдайды. Ақтоғайдың «Тоқырауын толқындары» ансамблінің салған әні Астана аспанын кернеп тұрды. Белгілі өнер иесі Дәртай Сәдуақасовтың әніне, ақын Абзал Бөкеннің сөзіне жазылған «Ақтоғай – алтын бесігім» әні тербетіп әкетті. Кейбір тұрғындар әннің ырғағына дөңгелене билей жөнелді. Тәттімбеттің «Сарыарқа» күйі өнер ұжымдарының орындауында құлағымызға жетті. Әр ауданның өнерпаздары өнерлерін ортаға салды. Барлығы көмірлі өңірдің көрінісін, байлығы мен дархандығын жырға қосты.

Сарыарқаның

құнды жәдігері

Түс ауа ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасына бас сұқтық. Мұнда Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен іске асқан жергілікті жазушылар мен ақындардың шығармалары топтастырылған «Сарыарқа кітапханасы» әдеби жобаның және әкімдіктің қолдауымен биыл жарық көрген Алаштың арысы Әлихан Бөкейханның 9 томдық кітабының таныстырылымы өтіп, кітапханаға салтанатты түрде кітаптар тапсырылды.

Салтанатты рәсімге қатысқан Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков:

Қадірлі қауым! Ұлттық мұраны сақтау – мемлекетіміз үшін маңызды мәселе. Өздеріңіз білесіздер, Қарағанды облысы – ұлтымыздың ұлы тұлғаларын туғызған қасиетті мекен. Бұл топырақта Бұқар жырау, Қаздауысты Қазыбек би, Әсет Найманбайұлы, Мәди Бәпиұлы, Қали Байжан, Нарманбет, Шашубай, Әлжаппар Әбішев сынды көптеген тұлғалар дүниеге келген. Осыған орай, рухани мұрамызды насихаттау мақсатында аймағымызда бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Солардың бірі – «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан 100 томдық шығармалар жинағы. Бұл басылымға Бұқар жыраулардан бастап, егемен ел әдебиетінің өкілдерін қамтитын шығармалар енді. Бүгін осы энциклопедияның бір данасын Қарағанды облысы атынан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітапханасына тапсыруға табыс етіңіздер, – деді.

Мінбеге көтерілген ҚР Жазушылар одағының мүшесі З.Чумакова қаламгерлер атынан құттықтау сөзін айтты. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының атқарушы директоры Бейсенбай Жұмабеков құнды рухани қазынаны тапсырған қарағандылықтарға алғысын айтып, Елбасы жайлы жазылған кітаптарды қонақтарға сыйға тартты.

Естеріңізде болса, үш ғасырды сөйлеткен «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдығының әр саны 800 данамен екі жыл ішінде әзірленіп, оқырманға ұсынылған болатын. 352 автордың шығармасы енген кітаптың берері мол, олжасы үлкен. Салтанатты шарада кітап туралы Алдан Смайыл бастаған жазушылар ордалы ойын, толымды пікірлерін білдірді. Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің ұжымының өнерін тамашалағандар Елбасы кітапханасының жәдігерлерін де аралап көрді.

Мәйегі мол

мәдени шара

Бұдан бөлек бас қаланың мәдениет сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Қарағанды облысының 80 жылдығына арналған мәдени шаралар көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қарағандының 600 өнерпазы гала-концерт ұсынып, көрерменді тамсандырды. С.Сейфуллин атындағы облыстық театрдың «Жәрмеңке» қойылымын тамашалағандарды қанаттандырды. Кешегі Біржандардың «Қоянды» жәрмеңкесіндегі бейнесін сомдаған көріністі актерлер шеберлікпен сахналады.

Концерттен астаналықтар рухани байып, шабыттанып қайтты. «Шабыт» халықаралық жастардың шығармашылық фестивалының лауреаты ақын Мирас Асан азаттық жайлы өлеңін күндей күркіреп оқыса, ҚР Мәдениет сіңірген қайраткері, Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінің бас директоры Талғат Ыдырысов және «Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблі, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің ұжымы, басқада жас өнер майталмандары көмейінен ән ұшырып, саусағынан күй төкті.

Сонымен қатар, Қарағандының «Нұр Әсем» сән үйі ұлттық киімдерді Астана жұртшылығының назарына ұсынды. Қазақы оюмен жиектеліп, гауһар тастармен әдіптелген ұлттық киімдердің заман талабына сай тігілген үлгілері де көрсетілді.

Осылайша, екі күн бойы қала халқы Астана төріне Қарағанды өңірі көшіп барғандай абыр-сабыр күй кешті. Бір әсерлісі, жәрмеңкеге келушілер қарағандылықтармен қимай-қимай қоштасты. Нұрдос КӘРІМ,

«Орталық Қазақстан»

Осылайша, екі күн бойы қала халқы Астана төріне Қарағанды өңірі көшіп барғандай абыр-сабыр күй кешті. Бір әсерлісі, жәрмеңкеге келушілер қарағандылықтармен қимай-қимай қоштасты.

Нұрдос КӘРІМ.

ҚАРАҒАНДЫ – АСТАНА – ҚАРАҒАНДЫ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.