АймақБалқаш

Қарағанды-Балқаш: жол апатынан бес адам көз жұмды

Бүгін Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақсу Аюлы кентіне жетпей жол көлік оқиғасы орын алып, салдарынан бес адам қаза тапты.

«Рено» маркалы жүк көлігімен «Тойота» автокөлігі соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі және ондағы төрт жолаушы оқиға орынында қайтыс болды. Ал, жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері кезінде оқиғаның мән жайы және жол-көлік оқиғасына кінәлі анықталатын болады. Жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмауды және жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұраймыз, – деді Шет аудандық полиция бөлімінің басшысы Мадияр Менисов.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button