Жаңалықтар

Қарағанды қайраткер ұлымен қоштасты

Арқа жұрты мемлекет және қоғам қайраткері Қасымбек МЕДИЕВПЕН қоштасты. Елге тұтқа бола білген тұлғаны ақтық сапарға шығарып салуға арналған қаралы жиын Әнет баба атындағы облыстық мешітте өтті.

 

 

Жиын тізгінін ұстаған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков алғашқы сөзді облыс әкімі Жеңіс Қасымбекке берді. Қасымбек Медиұлының ел игілігі жолындағы еңбегі мен саналы ғұмыр жолына тоқталған облыс әкімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді. Сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің көңіл айту жеделхаты оқылды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов марқұмның кісілік келбеті туралы орамды сөз қозғады.

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, ҰҒА академигі Серғазы Әдекенов, Шет ауданының Құрметті азаматы Боранбай Жұмкин Қасымбек Медиұлының жарқын бейнесі жайында толғамды ойларын ортаға салды. Осы жерде ақын Серік Ақсұңқарұлы Қасымбек Медиұлының қайраткерлік тұлғасын аша түскен жырын оқыды.

Қазыналы Қарағанды қайраткер ұлын соңғы сапарға осылайша қастерлеп шығарып салды.

Басқа материалдар

Back to top button