Қарағанды 100 қап қоқыстан арылды

Дүниежүзілік тазалық күніне орай өткен жаппай сенбілікке қарағандылықтардың басым бөлігі қатысты. Ұйымдаса іс қылудың нәтижесінде қала бір тәулікте 100 қап қоқыстан арылды.


Сенбілік Ескі әуежай маңындағы саябақта өтіп, акцияға қатысушылар арнайы автобуспен әкелінді. Сенбілікке табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, экология департаментінің қызметкерлері, табиғатты қорғау ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен қала тұрғындары шықты. Сенбілікке щыққандарға арнайы қолғаптар мен сөмкелер берілді.

Іс-шарада шыны, пластик, алюминий сияқты қалдықтар жеке, қайта өңдеуге болмайтын қалдықтар бөлек жиналды. Барлық қалдықтар өңдеу үшін «Вторсырё» ЖШС-не тасымалданды.

Сенбілікке белсенді қатысушылар әртүрлі сыйлықтарға ие болды. Экологиялық акция аясында облыстың басқа қалалары мен аудандарында да сенбілік өтті.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.