Бас тақырып

Қарқаралыда агроөнеркәсіп саласында теңдесі жоқ павлония ағашы өсетін болады

Қарқаралы ауданындағы «Атамекен» сүт өңдеу цехының басшысы Сланбек Қинаят Қытайдан агроөнеркәсіп саласында теңдесі жоқ павловния ағашының 1000 түбін әкеп екті. Өнеркәсіптің кез-келген саласында пайдаланатын «ғажап ағаш» аталған павлонияның үлкен жапырақтары мен бұтақтары жем-шөпке балама деп айтуға әбден болады. 

– Сүт өңдеумен көп жылдан бері айналысып келе жатқаннан кейін жалпы, мол өнім алу жолдарын жан-жақты қарастырып келеміз. Әлеуметтік желіні ақтарамыз, кітаптарды оқимыз, қандай да бір шешімі бар деген жаңашылдықтарға тәуекел етеміз. Одан ұтпасақ ұтылған емеспіз. Биыл павлония ағашын әкеліп отырғыздым. Бұл ағаштың малға азық ретіндегі қоректілігі өте жоғары. Әрі бойында сөлі де көп. Сүтті бағыттағы асылтұқымды мал басын өсіріп отырғаннан кейін осы ағашты өсіруге ден қойдым, – дейді Сланбек Қинаят.

«Атамекен» сүт өңдеу цехында жұмыстың барлығы автоматтандырылған. Десе де, бұған дейін тәулігіне үш мезгіл сауғанда бір сиырдан 40 литр сүт алса, бүгінде азықтың жетіспеушілігі салдарынан көрсеткіш 25 литрге азайып қалған. Шаруашылық басшысы павлония ағашы жерсініп, өсіп берсе, шикі сүт көлемі де артады деп отыр.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button