АймақҚарқаралы

Қарқаралы ауданында карантин енгізілді

Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қырылып, карантинге жабылды. Шаруа қожалық иелерінің ірі қара малынан қарасан ауруы анықталған.

Сурет: zakon.kz

Енді ол жерден малдың өнімі мен етін шығаруға тыйым салынады. Қарасан – тек ірі қара малға топырақ арқылы жұғатын бұлшық ет ауруы.

Аумақтың ветинспекция мамандары өлекселерден сынама алып зертханаға жолдаған. Сараптама қорытындысы ірі қаралар қарасан жұқтырғанын растаған.

– Карантин енуіне байланысты өлім-жітімге ұшыраған малға, яғни он төрт басқа республикалық бюджеттен нарық бағасы бойынша ақы төленеді. Топырақтағы инфекция малға қауіпті. Төлдерге қауіпті, олар оны көтере алмайды. Үш айлықтан бір жылға дейінгі бұзауларға жұққан, -деді ҚР АШМ Қарағанды облысы ветеринария инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев.

Қауіпті індетті бірден мал дәрігеріне хабарламағаны үшін шаруа иесі әкімшілік жазаға тартылды. Карантин 14 күнге жалғасады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button