Руханият

Арқа атауы

   Сарыарқа географиялық атауы­мен қазақ халқы батыстағы Ұлытау­дан,шығыстағы Тарбағатайға, оң­түс­тікке Балқашқа дейінгі аралықты атаған. Оны кейде Арқа деп те атайды. Егер Қазақстанның карта­сына көз жіберсек, географиядан хабары жоқ, көшіп-қонып жүрген қа­рапайым халықтың, еуропалық бірнеше мемлекет сыйып кетер­ліктей алқаптың жер бедерінің жалпы ерекшелігін қалайша дөп басып, бір-ақ сөзге сыйғызып бергеніне таң қаласың. Қазақ «арқа» деген сөзді жылқының жон арқасына балап айт­қан ғой. Шынында да картаға басында Ұлытаудан бастап, Қызыл­арай, Шыңғыстау арқылы, шығыста Тарбағатай, Сауырға дейінгі сызық жүргізсек, оның суайрық жонға сәйкес келетінін көреміз. Осы сызықтан солтүстікке қарай жатқан алқаптың өзендері Солтүстік Мұзды мұхит алабына қарай ақса, оңтүстікке қарай жатқан өзендер Еуразия ішкі тұйық алабына қарай ағады. Со­нымен қатар, Арқаның жерінің жан-жағы көтеріңкі қырат, сонымен бірге ала­са болғанымен таулы ке­леді. Ол солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан, оңтүстігінде Тұран ой­паты, Балқаш-Алакөл ойпаңы мен батысындағы Торғай даласымен шоқ­тығы көтеріңкі биік орналасқан. Олай болса, бұл алқаптың Арқа аталуы өте орынды.

Әзірлеген: Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button