Арқа қаламгерлері «Алаш» сыйлығын алды

Ару шаһар Алматыдан Арқаға ақжолтай хабар жетті. Қарашаңырақ Қазақстан Жазушылар одағында Әдеби жыл қорытындысы өтті. Жерлестеріміз жазушы Төкен Әлжантегі мен ақын Бағдат Мүбәрак халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы ақын Жанат Жаңқашұлы абыройлы қызметі үшін Алғыс хатқа ие болды.

Төкен Әлжантегі – әдебиеттің ақсақалдарынан бата алған жүйрік жазушы. «Армысың, ару күн!» әңгімелер жинағы Алматыдағы «Жалын» баспасынан 1987 жылы жарық көріп, жыл қорытындысында жоғары баға алған.

Ал, «Алаш» сыйлығы жазушының Астана қаласында «Елорда» баспасынан жарық көрген « Ебіл-себіл дүние» атты хикаяттар жинағына берілген.  

Бағдат Мүбәрак – рухты өлеңдерімен ерте танылған талант. Аз жазса да, саз жазатын ақынға әдеби сыйлық «Алтынкүрек» өлеңдер жинағы үшін берілді.

Жанат Жаңқашұлы – облыстық филиалға төрағалыққа тағайындалған қысқа уақыт ішінде Арқа өңіріндегі қаламгерлердің атсалысуымен жаңа форматты әдеби кештер өткізіп, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген талантты ақын. Мұндай Алғыс хат Астана және Орал филиалының жетекшілеріне де берілгенін атап өткен жөн.

Жәлел ШАЛҚАР,

Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.