Жаңалықтар

Анаға сағыныш

анам Шәмшіман Жүнісқызына арналады
(әні бар)
Жан шуағын маңайына төгілдірген,
Өзіңізбен жанымызға өмір кірген.
Аяласа алақаның құшаққа алып,
Жадырап-ақ кетуші еді
көңіл бірден.

Қайырмасы: Сағынып жүрміз өзіңді,
Ақылмен айтқан сөзіңді.
Аяулы менің, анашым,
Қуат бер маған төзімді.

Желбірейтін жаулығыңыз жібектей,
Жүре алмаушы ең маңайыңа
гүл екпей.
Көңіл шіркін көп нәрсені сағынар,
Сезімменен соғып тұрған жүректей.

Шүкіршілік, ұрпақтарың баршылық,
Аллам енді көрсетпесін таршылық.
Өздеріңнің өнегелі ізіңмен,
Жүріп келем жігерімді қамшы ғып…

Әнімбісің
Әуелеп шырқай салатын,
Әнім боп жүрдің көктемгі.
Жұлдызым едің жанатын,
Жанымнан алыс кетпе енді.

Әнім деп жүрмін жыр етіп,
Арман не бірге көктесек.
Көрінбей бірақ жүдетіп,
Басқаға ән боп кетпе сен.

Есімде күндер сонау бір,
Ойнаған өріп қияқты.
Үзілмей тұрған анау гүл,
Сол кезден қалған сияқты…

Өзім жайлы
Серпіп тастап қиындықтың
қандайын
Талай жерде жарқырады маңдайым.
Бақытымды өз қолыммен жасадым,
Қағып жүрген талай жандар
таңдайын.

Өкінбеймін тағдырымның ісіне,
Сыйлы болдым үлкен менен кішіге.
Қолдан келген жақсылықты
жасаумен,
Жүзіп келем үлкен кеме ішінде.

Аллам маған мейірімін төксінші,
Жақындарым жылы жүзбен
өбсінші,
Маңайымды адал достар қаумалап,
Бұл өмірім мәнді, сәнді өтсінші.
Раушан Нұрша

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button