АймақБалқаш

Қамданған қапы қалмайды

Шағын шаһарда қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша әрекеттерге басқару органдары мен азаматтық қорғау жүйесінің мемлекеттік күштерін дайындау мақсатындағы «Қыс-2023» қалалық командалық штабтық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу жиыны барысында дайындық жұмыстары пысықталды. Қаланың авария­лық-құтқару қызметтері мен жасақтарының сап түзеуіне қатысқан Балқаш қаласы әкімінің орынбасары төтенше жағдайға қатысты мекемелерден жұмылдырылған техникалар мен қызметкерлердің дайындықтар­ымен жекелей таныс­ты.

– Мұндай оқу-жаттығу жиыны жиі өткізілуі мамандардың тәжірибесін шыңдайды. Бүгін құрылған жедел іздестіру тобы кәсіби деңгейлерін көрсетуде. Қазір төтенше жағдай қызметіне қажетті техникалардың барлығы бар және жаңа. Былтыр қайық, биыл мұз үстінде жүретін «Славер» деген жаңа техника алынды. Көліктердің жаңартылуы, мамандарымыздың кәсіби шеберлігі – бірінші кезекте. Балқаш қаласының экономикалық жоспарына сәйкес келер жылы құтқару қызметі құрылып, жаңа нысан салынады. Бұл жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отырған іс, – деді Балқаш қаласының төтенше жағдайлар басқармасының басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Арыстанбеков.

Айта кетейік, оқу-жаттығу барысындағы негізгі іс-қимыл дайындық жұмыстары оның ішінде, жедел-іздестіру тобының жұмыстары пысықталды. Аталған шараға 18 техника, 48 адам және азаматтық қорғау қызметтері жұмылдырылды.

Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button