Бас тақырып

Алтын көпір

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде құрылған Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесі Қазақстанның ары қарай қарыштап дамуына серпін берері сөзсіз. Бұл бастама – Мемлекет басшысының көрегендігі мен сарабдал саясатының алтын қазығы іспетті.

Халық пен билік арасындағы алтын көпір де осы Кеңес болмақ. Оның құрамына енген белгілі қоғам қайраткерлеріне қарап-ақ, тың бастаманың тыңғылықты ойластырылғанын аңдауға болады. Мемлекет мерейін үстем етіп, Елбасы салып кеткен сара жолды лайықты жалғай білу үшін де осындай Кеңестің ел тұрғындары үшін ауадай қажет екені белгілі. Маңызды бастамадан мейлінше оң нәтиже күтетініміз де содан.

Ұлтты ұйыстырып, бірлікті бекем ету жолында осындай қадамның қажеттілігін ертеңгі ұрпақ та мақтаныш етеді деп сенемін. «Келісіп пішілген тон келте болмайды». Оған – таразы-тарих куә. Сондықтан, Президенттің атаған кеңесті құру туралы Жарлыққа қол қоюының өзі тарихи оқиға ретінде бағалануы тиіс.

Кеңес ЖҰМАБЕКОВ,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Басқа материалдар

Back to top button