Бас тақырып

Алтай Көлгінов Қарағанды облысының ауруханаларын аралады

Қарағанды облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 92 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанын салу жоспарланып отыр.

Салынатын нысандардың ішінде 47 медициналық пункт, 34 фельдшерлік-акушерлік пункт, 11 дәрігерлік амбулатория бар. Сондай-ақ Балқаш және Теміртау қалаларындағы жұмыс істеп тұрған орталық ауруханаларды күрделі жөндеумен және медициналық құрал-жабдықтармен: КТ, МРТ, ангиография, сарапшылық класты УДЗ аппараттары, жансақтау бөлімшелерінің жабдықтары, операциялық бөлмелер және т. б. қамтамасыз ету арқылы жаңғырту қарастырылған.

 — Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру – Үкімет пен әкімдіктердің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Қарағанды ​​облысында ұзақ мерзімді құрылыс жобасы – көпсалалы балалар ауруханасының құрылысы аяқталды, жаңа онкологиялық диспансерге заманауи желілік үдеткіш сатып алынады. Республика бойынша салынатын 13 перинаталдық орталықтың бірі осы өңірге жоспарланған. Сонымен қатар университет клиникасын салу көзделіп отыр, — деді Алтай Көлгінов.

Қарағанды ​​облысы үшін өзекті мәселе – дәрігер тапшылығы. Жалпы терапевттер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, фтизиатрлар, онкологтар және т. б. барлығы 66 маман қажет. Бұл мәселені шешу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткен жылы 156 жас дәрігер, оның 39-ы ауылдарға жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бейінді мамандарды даярлауға 182 грант бөлінді. Биыл Қарағанды облысының әкімдігі ауылдық жерлерге жұмыс істеуге жіберілген медицина қызметкерлерін 1,5 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі көлемде әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету мәселесін қарастыруда. ​

Кадрлардың тапшылығымен қатар денсаулық сақтау саласында медициналық техникамен қамту деңгейі және жабдықтардың тозуы әлі де өзекті мәселе болып қалып отыр, жабдықтың тозуы 60%-ға жетті. Бұл мәселені шешу үшін 2023-2025 жылдары денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру шеңберінде республикалық бюджеттен 18,2 млрд теңге қарастырылған.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button