Алаштың Ақселеуі

Аға, Сені сағынды Сарысуың,

Елестетіп тұлғасын арысының.

Кербез дала ол жатыр сені құшып,

Ашар маған дегендей тағы сырын…

 

Арқаның Ақселеуі Сланұлы,

Сенің салған ізің хақ бір анығы.

Ел алыбы сен болдың замананың,

Жамбыл болса кезінің жыр алыбы.

 

Сағынады әр ұлың осы отырған,

Сендей болсын әр қазақ болса тұлға.

Әр адымы бір өлең, ізі тарих,

Кербез бойы – ол бөлек қосатын мән.

 

Сен ғылымның сәулелі жарығысың,

Сені кейде іздеймін халық үшін.

Іздеп сені бойласам Сарысуды,

Басылғандай болады сағынышым.

Сылдыраған Сарысу сыр айтады,

«Келіп тұр» деп танытып

сыңай тағы.

Сылдырлаған суымнан сөзін есті,

Ақселеудің бар дейді бір айтары…

 

Қазақ елі теңізде жас қайық бір,

Көшіңе ақылманнан бас қойып біл!

Сағынсаң Сейдімбектің немересін,

Жаңаарқада Ақселеу

қасқайып тұр.

 

Мәңгі болсын, қазағым –

егеменім,

Арыс аты өшпейді – елегенің…

Есімін сан сәбиге қайта қойып,

Ақселеуді ұлықтау керек елім!

 

М.ҚАНАПИН.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.