Бас тақырып

«Алаш» сыйлығы – еңбектің жемісі

Жуырда Қазақстан Жазушылар одағында Әдеби жыл қорытындысы өткен еді. Онда «Орталық Қазақстан» газетінің ардагері, белгілі жазушы Өтен Ахметке Николай Лугиновтың «Шыңғыс хан әмірімен» кітабын қазақ тіліне аударғаны үшін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді.

Өтен Ахмет 1967 жылдан бастап, ұзақ уақыт баспасөз саласында еңбек еткен. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің Балқаш қаласы бойынша меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, Бас редакторы қызметтерін атқарған.

Оның «Алыптың адымы» атты тұңғыш очерк кітабы 1968 жылы, «Алда күн бар» атты алғашқы повесі 1973 жылы жарық көрді. Жемісті еңбек етіп, «Адам болғым келеді» (1975), «Алтын арқау» повестері (1977), «Қоңыр үй» (1982), «Заңғар» (1988), «Адасқан ғасыр» (2007), «Қарқаралы аруы» (2008) романдарын оқырманға ұсынды.

Ал, «Алаш» сыйлығын қанжығалаған «Шыңғыс хан әмірімен» туындысы – ұлы империяның негізін қалаған билеуші туралы тарихи роман.

«Орталықтың» ардагері әлі де газеттен қол үзе қойған жоқ. Шығармашылық байланыста.

Ардагерімізді аталған сыйлықпен құттықтай отырып, ғұмырына шуақ, қаламына қуат тілейміз.

Жәлел ШАЛҚАР,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button