Жаңалықтар

Қаламгерге – құрмет

Қарқаралы аудандық «Қарқаралы» газетінің бас редакторы, аудандық мәслихаттың депутаты Рымбек Смағұлов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 

Аталмыш марапат журналистика саласының шеберлеріне беріледі. Бұл ретте Рымбек Смағұловтың аймақтағы журналистиканы дамытудағы қомақты үлесін айта кеткен жөн болар. Қабырғалы қаламгердің қаламынан туған дүниелер үнемі оқырман жүрегінің төрінен орын алып келеді. Жазуынан қазақылық исі аңқитын журналистің рухани тақырыптарда жазған құнды дүниелері өз алдына бір төбе.
Келер жылы «Қарқаралы» газетінің жарық көріп келе жатқанына 90 жыл толады. Рымбек ағамызға тапсырылған марапатты той қарсаңындағы үлкен мәртебе деп қабылдадық.

Сағыныш ӘБІЛ

Басқа материалдар

Back to top button