Осакаров

Алғыс арқалады

      Осакаров ауданында «Ардағым – ардагерім!» акциясы жалғасын тапты.

     Жобаның мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті дамыту. Іс-шара 2013 жылдың қаңтар айынан бастап, бүгінгі күнге дейін жалғасуда.

    Жоба аясында жастардың тарапынан құрылған еріктілер тобы жыл бойы қарияларға көмектесіп, тұрмыс-тіршілігіне қолғабыс жасайды.

    Осы жолы Жастар ресурстық орталығының еріктілері Демекүл Берембетов ардагердің үйіне тұрмыстық көмегін көрсетті. Жастар ардагердің қыстық отынын тасып берді. Ардагердің алғысын алды.

Біз бұл жобаны әлі де жалғастыруға әзірміз! – дейді аудан жастары.

Өз тілшімізден.

ОСАКАРОВ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button