Қарағанды

«Қайратқа» дән ризамыз

   Еліміз егемендік алған тұста ұлттық ат спортын қайта түлету мақсатында Қарағанды қаласында «Қайрат» ат спорты мектебі ашылды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған мектеп жұмысын жандандыру жолында кездескен кедергілер мен қиындықтарға мойымай, басқарып отырған Шаризат Қазтаевқа ата-аналар мен жасөспірімдердің алғысы шексіз.

Мұнда әр балаға ерекше назар аударылады. Жаттығу барысында жаттықтырушылар жасөспірімдердің қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстайды. Мектепте көкпар, аударыспақ, бәйге, теңге ілу, жамбы ату, қыз қуу, саят сынды ұлттық спорт түрлері оқытылады. Мектепте әртүрлі жарыстар мен іс-шаралар өтіп отырады. Мұнда келіп, атпен серуендеп, демалып қайтушылар да бар. Және мүмкіндігі шектеулі балаларға демалыс күндері келіп аттармен серуендеуге барлық жағдай жасалған.

«Қайрат» спорт мектебі – ат спортын дамытуға ұйытқы болуда. Шәкірттері талай мәрте халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда топ жарды. Мектептің беделі жылдан жылға өсіп, мұнда келетін жеткіншектердің қатары көбеюде. Ана ретінде мектеп ұжымына балаларға жасаған қамқорлығы үшін алғысымды жеткізе отырып, алдағы жұмыстарына табыс тілеймін.

Жайық НАРМАНБЕТОВА.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button