Аймақ

Аймақта терроризмге қарсы оқу-жаттығулары өтті

Қарағанды облысының бірнеше кентінде терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.


“Ақсу-Аюлы-Анитерор-2023”, “Қарқаралы-Анитерор-2023”, “Саран-Анитерор-2023”, “Шахтинск-Анитерор-2023”, “Абай-Анитерор-2023” іс-шаралары барысында аудандық жедел штабтар дағдарыс жағдайындағы іс-қимылдарды және террористік қауіп-қатерлерге ден қою тәсілдерін пысықтады.


Жұмыс алаңдарында жедел штабтың дайындығы және қызметтердің терроризм актісінің салдарын оқшаулау және азайту дайындығын тексеру жұмыстары жүзеге асырылды. Жедел топтарды кепілге алу жағдайына байланысты терроризм актісінің қауіп-қатерлеріне ден қою тәсілдері де көрсетілді.


Жаттығу операцияларына 500-ден астам адам және сексенге жуық техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар, кенттермен шектесетін жедел штабтардан күштер мен құралдар ауыстырылды.
Оқу процесінің барлық қатысушылары берілген оқиғаларға белсенді қатысып, сол арқылы өздерінің кәсіби білімдері мен іскерлік дағдыларын шындады.

Материал Қарағанды облысы бойынша ҰҚКД ақпараты негізінде дайындалды

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button