Бас тақырыпМедицина

Аймақта медицина мамандарына арналған жатақхана бой көтермек

Биыл облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруды жалғастырмақ. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте басқарма басшысы Мұрат Мағзин мәлімдеді.

Сурет: trends.rbc.ru

Ағымдағы жылдың ақпан айында бұрынғы балалар ауруханасының корпусын медицина мамандарына арналған жатақханаға қайта жаңарту аяқталады. Қызметтік тұрғын үймен 94 жас маман қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, Теміртау қаласының орталық ауруханасының бас ғимаратына қосымша ғимарат салу жоспары бар. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жалғастыру шеңберінде жыл соңына дейін 27 ауылдық денсаулық сақтау нысанын іске қосу жоспарланған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button